Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.03.2022
131
Кездейсоқ жағдайдағы піл
Арыстанға кездейсоқ барыпты Піл жай ғана,
Бұл туралы әңгіме өріп айнала,
Өзінше әркім шешіп жатты жұмбақты:
Барды екен Піл не үшін?
Жоқ өзінде не әжуа, не пішін,
Қандай айла бұл нақты?
Өзара аңдар таласты.
«Егер, – деді сонда Түлкі бұлаңдап, –
Құйрық болса онда әсем жарасты,
Таңданбас ем».«Қарап көрсең шын аңдап,
Деді Аю да – тырнағы боп шын егер, –
Барса біреу сөгер ме?
Елең етіп, көңілін де бөлер ме?
Алайда, ол тырнақсыз ғой, біледі ел,
Мүмкін, тағы азу қосып алмақ па?».
Сөйлеп кетті Қодас та:
«Мүйіз сұрай бармап па?».
Деді Есек: «О, достар!
Арыстанға неге барды ол шынында?
Себебі бар мұның да.
Ал, мен шештім дұрысын –
Болмаса егер құлағың, тіршілігің құрысын!».
* * *
Көбіне біз лепіреміз сөзбенен,
Артық санап өзімізді өзгеден.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter