Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.03.2022
145

Маса мен малшы
Ұйқтап жатты Малшы сеніп төбетке;
Бұта ішінен жылан шығып кенеттен,
Соған қарай бет бұрды;
Өлер еді Малшыға ол төксе уды.
Маса көріп, Малшыға ұшып барды да,
Тездеп шағып алды да.
Малшы оянып, өлтірді сол жыланды;
Алдыменен ұйқылы-ояу бұл әлгі
Масаны езіп жоқ қылды.
* * *
Мұндай мысал көп түрлі:
Әлсіз кейде айту үшін шындықты,
Ізгі оймен сынай қалса белдіні,
Оның-дағы көретіні белгілі
Маса көрген сұмдықты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter