19.03.2022
  2450


Анашым туған күніңізбен құттықтаймыз!!!


Анашым сіз менің жұмағымсыз.Сізге деген алғысым да, махаббатым да шексіз.Өмірге мән беріп қарасам сізден асқан адам да,сізден асқан байлықта жоқ екен.Сіздің кей сөздеріңізді тыңдамағаным үшін кейде өзімді жек көрем.Сіздің бізге берген жылуыңызды,қамқорлығыңызды ешкім,ешқашан бере алмайтынына көзім жетті.Йә анашым мен бой жеттім,есейдім.Бірақ,сіз үшін әрдайым бала болып қала беретінім сөзсіз.Қарға да, баласын аппағым демейме? Анажаным мына қысқа өмірде сізге қанша алғыс айтсамда артық етпейді.Бала болдық,балалық жасап жүріп дана болдық.Өзіміздікі дұрыс,бәрін өзіміз жасаймыз дейтін едік.Мен қатты қателесіппін.Сіз біздің тынысымыз екенсіз.Сізсіз кеудемдегі жүректің соғуы екі талай екен түсіндім.
Кешір ана ренжіткен күндерім үшін,
Кешір ана мұңайтқан түндерім үшін.
Ақылыңды тыңдамай кей-кездері,
Түнделетіп жүргенім үшін.
Йа, анашым бұл қызыңыздың сізге деген алғысы деп білгейсіз..Алладан тек амандығыңызды тілеймін!Жүз жасаңыз анажан...
Ана деген – ұлы есім!
О, Ана!
Неткен ұлы есім ең!
Тұрса да қажып тағдыры,
Бар шаттығым – бала деп,
Тәнін торлап таң нұры,
Мін бақпай ұрпақ өсірген.
Бар қатені кешірген,
Жасайды мәңгі аруана
Жалғасып тарих көшімен.
Асаудай асыл бейнесі,
Кетпейді адам есінен.
Баласын басса бауырына,
Нәр тамған ақ төсінен.
Бармақтай жатқан бақытты
Артық көрген өзінен.
Ол – сәби, сонда жылайды,
Ынтызар көмек сұрайды,
«Іңгә» деген сөзімен.
 Туған күніңізбен құттықтаймыз!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Замира
Замира 26.02.2023 22:34
Туылған күн

Пікір жазу