Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  129


Автор: Абдрахман Асылбек

Өрт пен алмас

Ұшқыннан өрт басталып,
Үйге қарай бас салып,
Алаулады Жалын тілі жаланып.
Айқай-шудың ішінде
Титтей Алмас жоғалып,
Шаңға оранып, жатты жолдың үстінде.
«Жатысың не, ал мұнда? –
Деді Жалын, – кімсің менің алдымда?
Көз қуаты жұмсалады қаншалық
Сені айырып алу үшін зер салып?
Тамшы менен сынығынан шынының,
Шағылысып жатқан күннің көзіне.
Саған жақын бәленің де түрі мың,
Жау аз емес өзіңе:
Сәл қиқымнан жарқылың
Жоғалады тезінен,
Бүркер сені шаштың-дағы әр қылы!
Оңайлықпен өшпес менің алауым,
Қозған кезде ашуым.
Көрдің бе, әне, арпалысып бар ауыл,
Сөндіре алмай сасуын.
Барлық затты жек көрем,
Шатырлатып шеттерінен жеп келем.
Менің сәулем бұлтпен жағаласады,
Айналаға түгел үрей шашады!»
«Менің сәулем сенікінен, иә әлсіз, –
Деді Алмас, – алайда ол зиянсыз:
Ешкімге де сәулем бәле ілмейді,
Кімдер оны тілдейді? –
Тек күншілдер күндейді.
Ал, сенің ше, жалақтаған жалтылың
Айналаны бар күшімен жалмаған,
Сол үшін жұрт өшіріп жүр жалма-жан;
Сен өршіге жанған сайын алқынып,
Өліміңе, мүмкін, тақай бастадың».
Барлық халық күшін қосып бір барды,
Өрт басылып, орнында тек күл қалды.
Алмас жерден табылды да нұрланды –
Тәжісіне қонды барып патшаның.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу