Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  216


Автор: Абдрахман Асылбек

Аққу, шортан, шаян

Жолдастардың болмаса егер бірлігі,
Алға баспас тірлігі,
Іс бүлініп, арыла алмас сордан көп.
* * *
Бірде Аққу, Шаян және Шортан боп,
Жүк тиеп ап, тарпақ болып қамдана,
Үшеулеп кеп жегілді бір арбаға.
Жүгі жеңіл көрінгенмен тегі де,
Жүрмеді арба, тартқанмен тер төгіле!
Өйткені, Аққу ұмтылғанда көгіне,
Шаян кері шегіне,
Шортан тартты көліне.
Оң, теріс деп айта алмаспыз оларға,
Бірақ, әлі орнында тұр сол арба.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу