Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  370


Автор: Тортай Сәдуақас

КЕНТАВРЛАР

(Орынбай Жанайдаровтан)
Гректердің қиялы ұшқыр қашаннан,
Мраморға мүсінделіп қашалған.
Скифтердің аттары ұшқыр, өздері
Жасын атып, қуған жауды жасанған!
Аттың жалы, өсіп атан қомында,
Арпалысып өткен ерлік жолыңда.
Гректердің кітабы көп хатталған,
Кино болып бүгін сырын ақтарған.
Ал ақындар жыр жалына жармасып,
Сол жорықтар аңыз болып сақталған.
Ұлық жырды ұмытсақ та, сірә біз,
Париж бенен Қазанда көп мұрамыз:
Оқжетпестің өзі жайлы жалғыз-ақ, –
Ел аузында бар қаншама жыр-аңыз.
 Гректерден өнер-білім таралған,
Өркениет негізі боп қаланған;
Дала даңқын дәріптейді даналар, –
Ақын болып, батыр болып жаралған.
Тар кезеңге тап келгендей топ бала,
Жеті атасын жете білген тек қана,
Тұрлаусызды адастырмас ақ жолдан, –
Ақиқаттан, хақ сөзінен жоқ дана.
Ел менен ел араласқан шақтардан,
Аңыздар бар көп белгіні ақтарған:
Бәйіттер бар, бейіттер бар, гректің, –
Мәнеті бар Камчаткада сақталған!..
Серігі боп шексіз дала, ну алап,
Жан дүниесін жаңғыртқандай дуалап:
Тарих деген – дүние мен дүрмек деп, –
Кентаврлар көшеді көк қуалап!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу