Өлеңдер ✍️

  18.03.2022
  266


Автор: Тортай Сәдуақас

КӨКШЕГЕ КЕЛСЕҢ КӨКТЕМДЕ

Көкшеге келсең көктемде, Көресің жарқын жарасым.
Рахман нұры өпкенде, Рахаттанып қаласың.
Көп бұлбұл бүгін сайрады, Көк пүліш жауып өңірін.
Қырлары қыздай жайдары, Киіпті кәмшат бөрігін.
Сұлудай қайың, терегі, Сыр аңдап таққан сырғасын.
Сыпайы келін дер едің, Сылаңдап аққан жылғасын.
Аспаны құсты баураған, – Ағылып тынбай келеді.
Ақанның әні аумаған, – Асқақтап кете береді.
Көз жібер егіс жаққа бір, – Көсілген еңбек парады:
Агрегаттарға жоқ дамыл, Арқырап кетіп барады.
Мейрамды Көкшем өзіңді, Мейрімді жүзбен қарсы алған.
Сиқырлап ой мен сезімді, Сыйлайды саған қанша арман.
Бауларын көрсең – көк теңбіл, Тауларын көрсең – көк сеңгір.
Көксетіп жеткен көктем бұл, Көркейіп кеткен Көкшем бұл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу