Өлеңдер ✍️

  18.03.2022
  166


Автор: Нұрлан Оразалин

Мен осы....

Мен осы
ырза болмай бiр iсiме,
мақсатымның
ұсағы, iрiсiне,
бұлқан-талқан боламын өз-өзiмнен,
ырза болмай
бүгiнгi жүрiсiме…
Тұрысыма…
Күлiсiме…
Ырза болмай
күндердiң бiрiсiне.
Тамылжыған кештерге –
үкiленген үмiттiң күллiсiне…
Ар дауысы – айбатты…
Құлақ тұнар,
көздi жұмсам,
көңiлде сұрақ тұрар,
тоғыз валды,
теңiздей теңселiп кеп,
толқын атып
жағаға бiр-ақ құлар.
Басылмастай көрiнiп дауылым да,
мәңгi жауып тұрардай жауыным да,
тiрлiгiмдi електеп, ойша тiзiп,
сiлкiнемiн,
таңдардың сауырында.
 
Бүгiнiмдi
Ертең боп шоламын да,
жаңа биiк,
жаңа асу боламын да,
бара жатам
Ырыздық көшiн қуып,
тоғыз тарам,
тоғыз жол торабында…
Ырза болмай,
кешегi бiр iсiме,
ырза болмай
бүгiнгi жүрiсiме…
3 наурыз, 1977 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу