Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.03.2022
169
Күн өтер....
Күн өтер, ай да, жыл-дағы,
су шаяр мұңсыз жылғаны.
Сан жанып,
талай өшер-ау,
шаттықтың әнi,
шырқалып өмiр мұңды әнi.
Су шаяр үнсiз жылғаны.
Таранып, талып таңда Айым,
бүршiгiн жарар тал-қайың;
құлпырар нұрлы дүние,
сәуiрде сiлкiп шалғайын,
бүршiгiн жарар тал-қайың.
Таусылмас арман, наз, үмiт,
бiтпес-ау жыр да жазылып,
бiтпес-ау көңiл-қазына
мың-мың жылда да қазылып,
бiтпес-ау жыр да жазылып…
30 сәуiр, 1976 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter