Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  107


Автор: Абдрахман Асылбек

Қарт пен үш жігіт

Бір қарт кісі жатыр еді тал тігіп:
«Сені, сірә, албасты жын ұрған ба?
Бұл өмірмен қоштасқалы тұрғанда? –
Деп үш жігіт шалдың көңлін қалдырып,
Өздерінше кесіп-пішті, – Жеу үшін,
Мына еткен еңбегіңнің жемісін,
Екі ғасыр жасау керек кемінде,
Мафусали болғаның ба сенің де?
Таста, шалым, мына әуре ісіңді,
Қайтесің тек босқа жұмсап күшіңді?
Санаулы тұр соңғы соғар сағатың,
Ізгі ойлар қағар бізге қанатын.
Біздер жаспыз, бойда қуат тола ғой,
Ал, қарттарды күтетін тек мола ғой».
«Достар, – деді қарт оларға, – жөн тіптен,
Жастайымнан мен еңбекке көндіккем;
Ал, егерде бір жұмысты бастасам,
Өзім үшін пайда күтпен ешқашан.
Айтсам егер жасырмай,
Мұндай іске кірісемін шошынбай.
Еңбегіме өкінейін неге мен?
Осы ағашты еккеніме мақтанам,
Жетпесем де өнім берген баққа аман,
Бір кездері жемісін жер немерем,
Менің үшін қуаныш қой ондай күн.
Ал, алдағы күнді болжап болмайды,
Белгісіз ғой, кімдер ерте сорлайды?
Қарайды ма ажал жасқа, жораға?
Әлде бетке нұр тұнған?
Қартайғанда талай қызды құлпырған,
Жігіттерді жөнелтіп ем молаға.
Кім біледі, менен бұрын күн бітіп,
Жас топырақ өздеріңді тұр күтіп?».
Шал сөзінің болмады еш жалғаны,
Кемеменен бірі аттанды шат өңде,
Жалған үміт алдыменен алдады,
Қатты дауыл қармағы
Жолаушының барлығын да жалмады.
Екіншісі жат елде
Қызық қуып еліріп,
Құмарлыққа беріліп,
Ақырында жанын қиды бұл үшін.
Үшіншісі жазда мұздай су ішіп,
Нашар емші емдегенмен тырысып,
Өлді бірде бүрісіп.
Үшеуінің қазасын
Естіген қарт аңыратты азасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу