Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.03.2022
84
Бөліс
Ортақ кеңсе, үйлері бар бақшалы,
Саудагерлер әділ істеп жұмысты,
Таудай үйіп ақшаны,
Олжаларын бөлісуге кірісті.
Бірақ, даусыз бөліс бар ма бақсаңыз?
Ақша, зат деп жатқанда олар дүрлігіп,
Өрт шықты деп айқай салды бір жігіт.
«Тез, тез сақтап қалыңдар
Үйді өрттен шарпыған!»
Бірі қатты бақырып жүр: «Барыңдар!
Бөлісерміз артынан!»
«Тек, мың сомды алақанға салыңдар, –
Деді бірі бірденнен, –
Алмай кетпен бұл жерден!»
Маған екеу жетпейді, міне, есеп күмәнсіз», –
Тағы бірі қышқырды: «Келіспейміз бұған біз!
Неге, не үшін, неліктен?!»
Істері жоқ өртпен
Жатқан кезде шуылдасып, қарлығып,
Антұрғандар деміккен,
Жанып кетті байлығының барлығы.
* * *
Кейбір істе бағалы
Апат төніп тұрғанымен айқын-ақ,
Күресудің орнына ұйымдасып шамалы,
Өз пайдасын әркім-ақ
Қарастырып бағады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter