Өлеңдер ✍️
Қарға мен түлкі
Әлемге аян таңда бұл:
Өтірікші құйқылжыта мақтайды,
Сөз соңына бір қулығын сақтайды.
* * *
Ірімшікті тауып алып Қарға бір,
Талға келіп қонды да,
Таңғы асым деп, жеп алмақшы болды да,
Сәл бөгеліп, сол еді ойға ергені,
Сорына бір Түлкі жетіп келгені.
Өзі дәмді, көзді тартқан көрікті,
Ірімшіктің исіне шын елітті.
Ептеп басып, жылпос таяп талға да,
Жылмаң қаға қарады ол Қарғаға;
Сөз бастады сиқырлы бір үнімен:
«Көршім, неткен сұлу ең!
Мойын қандай, көз қандай!
Суреттеуге жетер екен сөз қандай?
Тұмсық қандай, жүн қандай!
Періштенің өзі жырлап тұрғандай!
Сайра сіңлім, ұялма! Тап осындай көрікпен
Ән шырқауға тиіссің тұла бойды еріткен,
Сенен артық құс патшасын көріп пе ем?!»
Басы айналып Қарға байғұс мадаққа,
Қуаныштан демі бітіп, әл кетті.
Бар даусымен қарқ еткен сол заматта,
Аузындағы ірімшік жерге бірден салп етті –
Бұйырды енді ол алдамшы арамтамаққа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter