Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.03.2022
119
Ойхой дүние
Ойхой дүние, серуен,
Адам – бір көшкен керуен.
Дүниені тастап қызық біз,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе лебіз, шықса жоқ
Таусылмастай көрінген.
Сағатыңды санасаң
Көрің жақын төріңнен.
Айтып келмес ажалың
Қауіп етіңдер өлімнен.
Қоңыз қуған дүние боп –
Тірлігіңде терілген.
Ойлы сөздер осындай
Бабалардан келінген.
Дос-жаранға, кемтарға
Қайырлы бол делінген.
Не болады жиғаның,
Болмаса егер иманың
Бір Аллаға берілген?
Ұлым деген халқыңа –
Тастап кетер артыңа
Болмаса егер жан нұрың –
Жарқыраған ән-жырың,
Не әкетесің бұл өмірден?...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter