Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.03.2022
151

Мазасыздау...
Мазасыздау...
Мазасыз аспан асты,
шимай-шатпақ ойларым шаштан асты.
Ойым...
Миым...
Таза едi, балғын едi,
ауыстырып қойғандай басқа басты.
Өзге бiреу мен үшiн ойлайтындай,
өзге бiреу мен үшiн тойлайтындай;
өзге бiреу шырт етiп шырпыдайын,
шамшыл, жаман әдетiн қоймайтындай.
Өзге бiреу билеп ап от-кеуденi,
Өзегiм – өрт...
Сұлу жыр, шеттеуде, елiм...
Ненi iздейдi?
Бiлмеймiн?!
тыпырлайды
көгендеулi қозыдай көктеудегi.
Мазасыз ой...
мазасыз арбасқанда,
әлдекiм кеп жағама жармасқанға
ұқсайды да тұрады...
Халым менiң –
қындағы үнсiз айнымай алдаспаннан...
Өзге бiреу iшiмде арбасқанда.
Жұлым-жұлым жүректiң жара көгi,
тыпыршиды жырымның қаракөгi.
Өзге бiреу «жаулап» ап...
Көктемiмдi
өкпелетiп жүрмесем, жарар едi.
сәуiр, 1973 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇