Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.03.2022
130
Iңкәрмiн...
Iңкәрмiн...
Күлкiңдi сағынған шақтарға,
ақтарып сырды ағылған шақтарға.
Сондықтан болар...
Сен менен алыс кеткенде,
жападан жалғыз
барамын түнгi бақтарға.
Барамын үнсiз
жүрек төрiне мұң артып,
саламын үнсiз
бiр ғажап әндi құмартып...
Дариға-ай, нұрлы дүние!
Ұшардай сол шақ
көзiмнен менiң мұнартып.
Мұнартып алыс таулардай,
құмартып жасыл баулардай,
жапанды кезген жаңғырық
тағдырым болып,
жұлдызды көктен саулардай...
Кеудемдi менiң сiлкiлеп,
қараша қаздар дүркiреп,
ұшардай ой-хой!
Сағыныш көлiн сабалап,
ақ жаңбыр болып сiркiреп...
Ұмыт боп сол шақ
қуаныш пенен мұң-қайғы,
жанарың болып
жаулығын дүние бұлғайды.
Тауларым үнсiз,
бауларым үнсiз Сен болып,
Жұлдыз-дүние
жырымды жаңа тыңдайды...
Махаббат қолын бұлғайды...
қаңтар, 1972 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter