Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.03.2022
133
Ақ ұлпа қармен...
Ақ ұлпа қармен ғалам, бақ,
ақ сағым дала
қымтанып ұйықтап жатқанда;
өртенiп түнде, алаңдап,
Сағыныштарымды...
Ұшырдым саған ақ таңда.
Ұшырдым ерен сезiммен,
ұлы таулардан
сүрiнбей асып өтсiн деп,
сұлу түндерде
сылқым жұлдыздар көз iлген,
жарығым, саған жетсiн деп.
Жетсiн деп жүрек қағысы,
ақ ұлпа қардан,
ақ борандардан сескенбей,
жаңғырып аспан,
жаңарып қала, бақ iшi,
кеудемнен менiң
күркiреп түнде көшкенде ой.
Ұшырдым саған...
Ұшырдым отты кезiмдi,
жалынға бөлеп
жырымның әрбiр шумағын.
Қараша желi...
Қағып әкеттi сезiмдi,
қағып әкеттi шулы ағын.
Ақ ұлпа қарға
жаңбыр боп тамды шумағым.
қараша, 1971 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter