Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.03.2022
148
Есiмде жоқ
Есiмде жоқ
ескерусiз күндерден бiр естелiк,
есiмде тек
қанатынан көктемнiң нұр ескенi;
қоңыр белдiң шайқалып қайыңдары,
қоңыр желдiң кеудеме жайылғаны.
Есiмде жоқ,
қалғаны жоқ есiмде,
мас боп ерiп бейкүнә елес үнге,
жүрдiм қанша әлдилеп жүрегiмдi,
махаббаттың шайқалып кемесiнде...
Балалық шақ, адалдық – бар кiнәсi,
есiмде тек – таулардың қарлы басы;
қалғандары есiмнен кеткен мүлдем,
өкпесi жоқ көңiлдей өткен күнге,
Тұла бойды ессiздiк билеп алып,
Өзiң болып тағы бiр көктем күлген,
қалғандары есiмнен кеткен мүлдем...
сәуiр, 1970 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter