Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.03.2022
164
ҚАРАША ҚАЗДАР ҚАЙТҚАНДА
Асып кеттi сағыныш бала қырдан,
таныс маған жырадан бұлақ күлдi.
Жасыл аспан... Жырлауға жаратылған,
жанарымда жас болып жылап тұрды.
Жанарымда – ту алыс бiр арманым,
аспанға iлiп қойғандай тау шыңдары.
Неге сонша асқарға құмар қаным?
Алға ұмтылдым... Асулар таусылмады.
Таусылмады...
Әсершiл бала шағым –
тентек өзен жырлауға жаратылған.
Әлдеқайдан күйi кеп қарашаның,
өрлеп кеттi сайлармен қара тұман...
қараша, 1968 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter