Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  114


Автор: Нұрлан Оразалин

Сағатқа

Балқұрақ иiсi аңқыған,
бауларға барғың келдi ме?!
шыршалар мүлгiп, шалқыған
тауларға барғың келдi ме?!
Жүрекке жалын, от берген
алқызыл кеште сырнайлы;
бүлдiрген терген бөктерден
дауысын естiп қурайдың...
Көңiлдiң бұлғап жейдесiн,
қараша қаздар өткенде;
бала күндердiң бейнесiн
табыстап шулы көктемге...
Сыздатып балтыр, табанды,
Көксайдың бойын жағалап,
самалға төсеп жағаңды,
ойларды кеште сабалап...
Балқұрақ иiсi аңқыған
бауларға барғың келдi ме?!
шыршалар билеп, шалқыған
тауларға барғың келдi ме?!
қазан, 1969 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу