Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.03.2022
143
Жаутаңдаған жаны нәзiк....
Жаутаңдаған жаны нәзiк, «бөтен» қыз,
жалт қаратар мiнезiмен баршаны,
тамыз едi табысқанда екеумiз –
алтын күздiң қарсаңы.
Көзiң сенiң тұмадайын тұнық-ты,
талай жiгiт сұқтанатын сыртыңнан.
Жүрек сырын аспандағы Ай, түн ұқты,
ұқты Алатау жыр тұнған.
Ал сонан соң?..
Жатырқамай сен ұқтың,
болмысымды болмысыңмен аңғарып,
жанарындай жалт етiп бiр елiктiң
өттi менi ән қарып...
Айдынымды шалған жан ем ерте мұң,
жылдарымды жетелеген шулы үмiт.
Тымық түнде жалын құштым – өртедiң,
Балқан тауым булығып.
Жаутаңдаған жаны нәзiк, «бөтен» қыз,
айналдың сен сыңарыма – сырласқа.
Өзгердi өмiр... Жолыққалы екеумiз
Жүрегiмде – жыр басқа...
Жүрегiмде – жыр басқа...
қазан, 1968 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter