Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.03.2022
165
Атағы болмады деп алып берген
Атағы болмады деп алып берген,
Жерім жоқ басшыларға налып көрген.
Ақырын жүріп келем анық басып,
Бағадан артық не бар халық берген?
Қашанда қолдап келген халқым менің –
Асатын асқар белім әр күн менің.
Жасампаз халқым болса, мен де бармын,
Қазағым аман болсын – бар тілегім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter