Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  158


Автор: Абдрахман Асылбек

Өзіңді өзің күтпесең

Өзіңді өзің күтпесең,
Өзгеден көмек күтпе сен.
Шалдықсаң ауыр кеселге,
Басталар сарсаң, бітпес ем.
Ойыңды орап қайғы-мұң,
Жаныңды жейді құрт кесел.
Болмаса деннің саулығы,
Жарамсыз жансың түкке сен.
Дос емес саған, маған да –
Аурудың басы тағамда.
Не болса соны тықпалап,
Ашпағын қақпа аранға.
Артықша ішкен тамағың
Айналар түбі арамға.
Сақтанар болсаң сырқаттан,
Сақтаймын деген Аллаң да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу