Шығармалар ✍️
Университетті қалай дұрыс таңдау керек ?
Талапкерлер үшін жақсы білім ордасын таңдау - маңызды әрі жауапкершілігі мол қадамдардың бірі. Өйткені,студенттің қазір оқып жатқан жоғарғы оқу орнының рейтингісі,білім беру сапасы оның болашақта қандай маман иесі болып шығарына тікелей байланысты. Алған білімің сапалы болып,студенттік өмірің тиімді өтіп,төрт жыл уақытыңды зая кетірмес үшін әу баста дұрыс университет қарастырған жөн.
Болашақты қамда. Қазіргі кезде ЖОО-ны сәтті тәмамдап,дипломын қолына алса да,жұмыс таба алмай жүрген адамдар көп. Демек,ол университетте өз түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы жоқ. Сондықтан,ЖОО-ның бітірушілерді мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру, өндірістік тәрбие,кәсіби бағдар беру мүмкіндігінің бар,жоқтығын алдын-ала біліп алу керек. Барынша жұмыс берушілер тарапынан университет сұранысқа ие болғаны абзал.
Білім алушыларға қандай жағдай жасалған? Университет аясындағы әртүрлі ұйымдар мен үйірмелер студенттердің оқудан бос уақытының әлдеқайда қызық,пайдалы өтуіне мүмкіндік береді.Болашақ университетіңнің қоғамдық өміріне атсалысып,белсенділер қатарынан болғың келсе,шығармашылық ұйымдар,спорттық клубтардың болуы үлкен артықшылық. Жалпы, студенттердің университет қабырғасындағы көңіл-күйі оқу орнының ішкі атмосферасына байланысты. Сонымен қатар,ЖОО-ның жатақханасының мен әскери кафедрасының болуына да көңіл аудар.Себебі,Қазақстанның көп университтетері бұл жағдайларды қарастырмаған.
Оқытушылар деңгейі. ЖОО-ның оқытушылар құрамында ғылым кандидаттары мен профессорлар неғұрлым көп болса,соғұрлым білікті маман болып шығуға мүмкіндік артады. Бұндай ұстаздан тәлім алған студент келешекте еңбекқор,бәсекеге қабілетті маман атанары сөзсіз. Мұғалімдер студенттерге тек қана теориялық білім емес,өз тәжірбиелерімен бөлісіп,практикаға көбірек назар аудағаны жөн.Кез-келген оқу орнының оқытушылар қауымымен университеттің ресми сайтында танысуға болады.
Кейде оқып жатқан факультетіңді,мамандығыңды қанша ұнатып тұрсаң да, университет тиесілі білім бермесе,қызығушылығыңды жоғалтып алу да қиын емес.Сол себепті,университет таңдауда ойланып,әртүрлі адамдармен ақылдаса келе,өзіндік аналитика жасап , дұрыс таңдау жасай біл. Университтетердің әлеуметтік желілеріне жазылып,түлектерімен сөйлесіп,ашық есіктер күніне барып,барынша зерттеу жаса. Сәттілік,жас түлек 2022!
Аружан Бақберген.
Алматы қаласы,ХАТУ-дың 1 курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter