Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  181


Автор: Нұрлан Оразалин

Тал, терек...

Тал, терек баяу қалғыған,
көз тартар қара тұлдыр шың.
Ақ үйдің анау алдынан
көрінер еді бүлдіршін...
Бүлдіршін сезім көктеген
қызғалдақ тұнған көктемдей,
жер үсті – өлең, көк те – өлең,
аулаққа көшіп кеткендей?!
Көңілді шымшып сан күмән,
қозғалып таудың тастары,
тал, терек үнсіз қалғыған
жапырақ қанша тастады?!
Бөктерде сұрқай талды ма ән,
аралап күзгі бақтарды...
Тал, терек баяу қалғыған
жамылды қанша ақ қарды?!
Ән қалды...
Жұлдыз, Ай қалды...
Қалды алыс жаңбыр, көктем де.
Балдырған сезім қайда әлгі?
Тау асып, көшіп кеткен бе?!
қыркүйек, 1967 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу