Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  150


Автор: Нұрлан Оразалин

Бір сәуле....

Бір сәуле көкте жанып тұр,
тамардай болып шың-құзға.
Барады дәурен – ағып қыр,
армандай жасыл жұлдыз ба?!
Жұмбағын ойдың қағып қыр,
тіл қатып Үрім, Қырымға...
Бір сәуле көкте жанып тұр,
жазылмай қалған жырым ба?
Өмірдің мынау көші-мұң,
Қап таудан жеткен, Сібірден.
Тербетіп Жырдың бесігін,
жетердей көктен күбір дем...
Арқалап арман бір әнді,
саулатып түнде бір күйді.
Сөйлетіп көне Тұранды,
кеудеме жұлдыз жыр құйды.
Бір сәуле көктен төгіліп,
қарады жұлдыз ұрлана.
Жүрегім, жаным егіліп,
қағазға түсті жыр жаңа...
5 қыркүйек, 1967 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу