Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  117


Автор: Нұрлан Оразалин

Қарашы...

Қарашы, тағы күз келді,
қалтырап ұшты жапырақ;
шаң басып қырда іздерді,
қамығатындай атырап.
Байқатып түнде сыз демді,
Бүрісетіндей аспаным,
ақ жаңбыр шайып іздерді,
бүк түсіп жатыр тастарым.
Қабаржып... Көңіл-дәрия,
қымтанып жатыр тау, дала,
тоқсаннан асқан қария
күрсініп отыр аулада...
қазан, 1966 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу