Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.03.2022
148
Қыс жайлы өлең жаздым мен...
Қыс жайлы өлең жаздым мен,
аяздың сыры аян ғой.
Сағым боп қалған жаз күннен
саусағын созды – таянды ой.
Көктем кеп... Өлең жаздым мен,
махаббат жайлы жырладым;
Сергейден қалған саз-мұңмен
кеудемде толқып жүрдi ағын.
Көзiмде тұнып қыр, бағым,
түнiмдi оймен жұбаттым;
Тұманның жазған жырларын
үнiндей көрдiм бұлақтың.
Өртендiм... Жандым... Ұнаттым
сұлулар жайлы өлеңдi.
Сүйдi екен бұлай құлап кiм?
«Үйрендiк» сүю дегендi.
Қыс жайлы өлең жаздым мен,
жолымда әр бiр – таныс ән;
қас-қағым сәттей аз күннен
белгiмiн қалған, танысаң...
наурыз, 1966 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter