Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  147


Автор: Нұрлан Оразалин

АНАМА ХАТ

Хатың кептi – сезiм менi толқытты.
«Шырағым» деп бақ тiлепсiң маған шын.
Мейiрiм де, жылы сөз де мол тiптi,
сезем, ана, ұлың үшiн алаңсың.
Көктем кептi, бiздiң жаққа жыр кептi,
жан тербейтiн жаңалық та баршылық.
«Алдым, депсiң, түнеу күнгi суреттi,
сағыныштың теңiзiне малшынып».
Арып-ашып, махаббатың бiрге ұшып,
ауыл тегiс хатпен бiрге жүргендей;
былтырғы жыл iнiм баққан сүр күшiк
қора жақтан төбет болып үргендей.
толқып бәрiн толтырыпсың бiр бетке,
көркем де емес, көлемi де көп емес.
Ақпан...
Аяз...
Шөп таситын «дiрдектеп»,
балдай тәттi бала күнiм боп елес.
Ұмыттым да қала шуын, дүрмектi,
мен де асығыс жауап жаздым қысқалау.
Көктем кептi...
Бiздiң жаққа жыр кептi,
Сағыныштан көңiлiме түстi алау.
сәуiр, 1966 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу