Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  107


Автор: Нұрлан Оразалин

* * *

Жырлайды кеп,
күрсiнедi қыстығып,
ашынады ышқынып,
қыстығады iш тұнып;
сүртедi үнсiз көзiн көк,
жетi iшектiң
желiм мұңы безiлдеп.
Жырлайды кеп,
бусантады көзiңдi,
жоғалтады төзiмдi,
тербетедi сезiмдi;
түн мұңайып қарайды,
жетi iшектiң
қайғы бұлты тарайды.
Жырлайды кеп,
солқылдап кеп жырлайды,
жүректердi ырғайды,
түн күлкiсiн ұрлайды.
Жырлай түссiн, «беу» дегiн!
Күйге бөлеп,
бассын шерiн кеуденiң.
Жырлай түссiн!
Өксiп-өксiп жырласын,
Ерте көктем
 көкiректi қырнасын,
жүректердi ырғасын;
бұзақысы көшенiң,
кiнәң болса,
сүйгенiңнiң кешерiн...
Жырлай түссiн,
жырласын!
Беу, гитара!
Менiң мұңды сырласым.
қазан, 1965 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу