Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.03.2022
133
ҚЫЗЫЛШАШЫ АПАЙҒА
Жүргесін бе соңыңнан жасын еріп,
Тәңірден де тұрғаның басым келіп.
Шатырлаған сен де бір көк аспан ең
Қызылшаның үйренген шашын өріп.
Көріп өскен жан едің сый басынан,
Көкірегіңде көк өзен күй тасыған.
Құба жонға шығардың арқыратып,
Бұлақтарды жетелеп бұйдасынан.
Гүлді өлкеңді – даланы бала көріп,
Құрақ ұшып жүгірдің ана болып.
Сен өсірген қызылша
Жаңа шыққан
Қызыл шақа сәбилер далаға өріп.
Сәби-байлық осылай ақтарылып,
Қарсы алуда алдыңнан бақтар күліп.
Сен өсірген қызылша
Керуен-керуен
Составтарға тиеліп жатты ағылып.
Жаралғандай төсінен гүлді өңірдің
Қазына боп,
Байлық боп мың төгілдің.
Сен өсірген қызылша кетуде әлі
Тәттілігін сездіріп нұрлы өмірдің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter