Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
190
Даламның келбетін-ай
Қалып жатыр кең дала дөңгеленіп,
Кейбір соқпақ тірелген дөңге келіп.
Келбетіне даламның қызығумен,
Мен келемін бақытқа он бөленіп.
Бір шетінде құлпырған көгіменен,
Тебіренем жүректен төгіп өлең.
Бір шетінде ақ көрпе қары жатыр,
Қабырғасы әлі де сөгілмеген.
Бір шетінде асқарлы тауы жатыр,
Бір шетінде бақшалы бауы жатыр.
Көлі болсын, шөлейтті жері болсын,
Бір-бірімен үйлесім тауып жатыр.
Айқай шіркін, далам-ай, келбетіңнен,
Толқын атқан теңіздей тербетілген.
Дүниенің кезсем де төрт бұрышын,
Сендей жерді табам ба жер бетінен?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter