Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
122
ОЙЫҚ
Құласам мен құлаймын құшып бір ән,
Жараны несіне әлгі ұшықтырам.
Биіктік бұл
Туғалы көрмеді бір
Төбемнен қарға түгіл ұшып қыран.
Пырақтар әлі талай туады өрлей,
Жұлдыздай ағады олар жыра көрмей.
Жүйріктік бұл
Туғалы мына менен
Көрмеді озып тұлпарың құлагердей.
Кеткен сәт ұран салып, қайта қызып,
Жетекке құлан сүйек тайды алғызып,
Мергендік бұл
Садақтың бір оғымен
Көгіңнен бере салған Айды ағызып.
Қай жаумен жұлқыстырар келер күнім,
Оны да батар күннен көрем бүгін.
Түбіме менің ешкім жете алмапты,
Ол менің болса керек тереңдігім.
Кеудемде бұрқанады алғыр ағын,
Бұл барда келмейді әсте қалтырағым.
Кең дала –
Менің кілем төсенішім,
Көк аспан –
Менің қара шаңырағым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter