Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  169


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖЕСІР

Табиғат, болармысың тастай жалған,
Ол бірақ тіршілігін бастай алған.
Жасынан жетім өсті,
Айта берсең,
Сол келін күйеуден де жастай қалған.
Жалғыздың үні солай естілмейді,
Ол үшін өткен күні ескірмейді.
Қайғысын көтеріп ап кетер еді,
Сәбиі әттең әзір ес білмейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу