Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
114
* * *
Жанарымнан жыр деп менің жас тамған,
Өлең үшін болғам талай тас-талқан.
Менің жолым болса мынау – ақындық,
Ол анамның ақ сүтінен басталған.
Білем, достың, қарсы алдымнан күтерін,
Сезем және арынымның үдерін.
Болашақта...
Сол ақындық өмірдің,
Білмей келем соңы немен бітерін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter