Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  207


Автор: Абдрахман Асылбек

Шақыршы, сәулем

Шақыршы, сәулем, өзіңе,
Өтініш саған етейін.
Құласам да құз төсінен,
Өзіңе жылдам жетейін.
Өткенде жолдан жаңылып,
Налытып сені алыппын.
Отырмын енді қамығып,
Айыпты болып анық бір.
Сенсіз жоқ шабыт, сезім де,
Сенсіз жоқ маған ақылшы.
Бәрін де, қалқам, кешір де,
Өзіңе мені шақыршы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу