Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  159


Автор: Абдрахман Асылбек

Тыңдаймысың, жүрегім

Тыңдаймысың, жүрегім,
Жиі-жиі соқпашы.
Ырғағыңды үнемі,
Бір қалыпты сақташы.
Тыңдаймысың, жүрегім,
Лапылдамай, дамылда.
Саған әппақ тілегім –
Ақ пейілмен қабылда.
Тыңдаймысың, жүрегім,
Тектен-текке мұңайма.
Махаббаттың шын емін
Тапсыр жалғыз Құдайға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу