Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  599


Автор: Абдрахман Асылбек

Көңіл айту

Бірге туған болғанмен,
Бірге жүрмек жоқ деген.
Адам қанша толғанмен,
Бар арманға жетпеген.
Өлсе өлді келінің,
Ол – Тәңірдің қалауы.
Өшпесін тек төрінің
Жағып кеткен алауы.
Жатқан жері жайлы боп,
Орын тисін жұмақтан.
Өссін саңлақ-сайлы боп,
Ұл, қыздары ұнатқан.
Қырқын күтіп отырдың,
Қалмасаң тек асына.
Өзіңнің де отыңның
Оралсаңшы басына.
Бұл тірлігің, әрине,
Елді риза етеді.
Мені-дағы, Арина
Есіңе алсаң не етеді?
Жан жоқ темір төзімді,
Бәрі өмірден өтеді.
Көрер болсам өзіңді,
Төбем көкке жетеді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу