13.03.2022
  1111


Сонда бір - бірімізді жақсы көру үшін өлу керекпіз бе?

Үйленіп алып, әйелімізді жақсы көргіміз келмейді, басыма шығып алып би билеп кетеді деп...
Күйеуге шығып алып, күйеуімізді жақсы көрмейміз, құтырып кетіп, мені құл қылады деп...
Бала туып алып, баламызды жақсы көре алмаймыз, еркелеп, ырбиып кетер деп...
Туыстарды да жақсы көре алмаймыз, күле қарасаң ақша сұрайды деп...
Көршіге жылы қабақ танытуға тағы қорқамыз, бірдеңе сұрап келер деп...
Бастық болсақ, қол астымыздағыларды жақсы көре алмаймыз, дірілдетіп, қорқытып, жұмысты істетейік деп...
Жұмысшы болсақ, бастықты жек көреміз, жұмсай береді,әйтеу бірдеңе жақпайды деп...
Ал қарап отырсаң жұрттың бәріне кішкене жылулық пен махаббат керек!
Біреу бір жылы сөз айтып, жақсы көріп, бауырына басса, сол адамның жолында құрбан болып кете жаздаймыз.. .
Неге біз махаббатқа сараңбыз? Бұл дүниеден өтіп кеткен адамды ғана сағынып, жақсы көріп, аңсап, мақтап отырамыз. Сонда бір - бірімізді жақсы көру үшін өлу керекпіз бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу