12.03.2022
  208


Автор: Наурыз мейрамы

Ұлыстың ұлы күні

Әз-Наурызым — Ұлыстың ұлы күні,
Қуанышта шығатын жарқын үні.
Табиғатым оянар ұйқысынан,
Қарсы алып шаттықта бірін-бірі.

«Ұлыстарың оң болсын» дейді қазақ,
«Әрбір сөзің жөн болсын» болып озат.
Мерейлерің үстем боп әрқашанда,
Тілейтіні «болсын деп бәрі ғажап» .

Ақ тілектер көл-көсір ағылады,
Шамнан шырақ жарқырап жағылады.
Өкпе-реніш өздерін тұншықтырып,
Қуаныш пен шаттыққа бағынады.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу