Өлеңдер ✍️

  08.03.2022
  161


Автор: Абдрахман Асылбек

Керек екен бір болу

Айналайын, алтыным,
Сенсіз өткен әр күнім
Жыл секілді созылып,
Соға берді салқынын.
Оранғандай мұңменен,
Төмен тартып зіл денем,
Мең-зең болып жүремін,
Жоғалғандай бірдемем.
Айналайын, алтыным,
Ал, түнім ше, әр түнім?
Жалғызсырап жатамын,
Бүтін емес, жартымын.
Ғашық жүрек, алайда,
Қиындыққа қарай ма?
Құстай ұшып өзіңе
Жеткім келді қалайда.
Сенсіз тірлік – мұңға еру,
Қиын екен күн көру
Өзіңменен қашан да
Керек екен бір болу.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу