Өлеңдер ✍️

  08.03.2022
  130


Автор: Абдрахман Асылбек

Сен болмасаң Сәруар

Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны білер ме ем?
Өмірдің не мәні бар,
Ішкіш болып жүрер ме ем?
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны көрер ме ем?
Көңілдің не сәні бар,
Құмырадай көнерген?
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны табар ма ем?
Болар-болмас табы бар,
Шоқтай бықсып қалар ма ем?
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны сүйер ме ем?
Тәңірім боп табынар,
Отына оның күйер ме ем?
Соның үшін Сәруар,
Ризамын мәңгілік.
Есіміңді танымал
Айтып жүрем ән қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу