Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.03.2022
145

Сен болмасаң, кім болам?
Күлімдесең – күн болам,
Тұнжырасаң – түн болам.
Сен жоқ жерде, сүйіктім,
Мазам кетіп мұңданам.
Жадырасаң – жаз болам,
Жас балаша мәз болам.
Бойды бір күш билейді
Алаулаған, маздаған.
Қаһарлансаң – қар болам,
Тарылады бар ғалам.
Сенің жылы жүзіңді
Бір көруге зар болам.
Жүз танытсаң сыздаған,
Қатып қалған мұз болам.
Сонда-дағы өзіңді
Өзгелерден қызғанам.
Сен болмасаң, кім болам?
Жүнжимін де жүн болам.
Ақыл-есті жия алмай,
Аласұрам, жынданам.
Кей ісің жат тым маған,
Түтігем де тұлданам.
Айналып кеп бәрібір,
Арқандаулы құл болам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇