Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.03.2022
138
Өтер күндер
Неткен нұрлы күлімдеген көздерің,
Неткен үнді сүйдім деген сөздерің.
Сен тұрғанда жаз күніндей жайқалып,
Не қылайын өрімталын өзгенің.
Өтер күндер, өтер түндер білінбей,
Сырғымалы сиқыр сағат тіліндей.
Бір қалыпты қала бермес дүние,
Оңар жайлап текеметтің түріндей.
Тұрған кезде нұрландырып ажарың,
Тұрған кезде думан құрып базарың,
Еркелеші, еркелешіі, сәулешім,
Қалықтасын сұлу сазды наз әнің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter