Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.03.2022
154

Көз алдымда елесің
Күні-түні көз алдымда елесің,
Жүрегімде жатталумен келесің.
Асығамын жеткенімше өзіңе,
Асып небір асқар таулар белесін.
Күні-түні көз алдымда елесің,
Көңілімді, ойымды онға бөлесің.
Үмітімнің өшпейтұғын оты боп,
Арманымды алға тарта бересің.
Күні-түні көз алдымда елесің,
Аққуым боп түске жиі енесің.
Бұлттан шыққан күнім болып жарқ етші,
Жанымды бір жарқын нұрың бөлесін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇