Өлеңдер ✍️

  07.03.2022
  119


Автор: Абдрахман Асылбек

Мен сені көрген сәттен

Мен сені көрген сәттен лаулап әр күн,
Гүл теріп тауға бардым, бауға бардым.
Білмеймін, азабың ба, мазағың ба?
Әйтеуір, жүрегімді жаулап алдың.
Сен мені түсінбессің, түсінерсің,
Немесе есі жоқтың ісі дерсің.
Әйтеуір, өмір бойы тыным бермей,
Жанымды от пен суға түсірерсің.
Жібектей желбіретіп тұлымыңды,
Жетектеп жүргендеймін құлынымды.
Көктемнің құбылмалы райындай,
Қалайша ұмытайын қылығыңды.
Әр сөзің, әр қимылың асыл маған,
Шығарсың жұмбақ сырым ашылмаған.
Боларсың өзің ғана басатұғын
Махаббат алауымды басылмаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу