Өлеңдер ✍️

  07.03.2022
  120


Автор: Абдрахман Асылбек

Көздерің күрсіндірді күлімдесе

Көздерің күрсіндірді күлімдесе,
Сөздерің сілкіндірді күбірлесе.
Жанарың жарып өтіп жүрегімді,
Анарың аһ ұрғызды дірілдесе.
Кезіктің күнәдан пәк күнімде сен,
Тез ұқтым тамылжыған үніңді әсем.
Аңсарым ауып қатты құлап түстім,
Жанжарым боларсың деп түбінде сен.
Алайда аспандаған күйің кеше,
Талайға қабағың тас түйілді есе.
Сынбадым, сыңаржақ боп өстім мен де,
Жылдарым өтіп жатты қиын неше...
Көңілдің мәні қайсы күйінбесе?
Өмірдің сәні қайсы сүйінбесе?
Сырық боп кетеді екен қос қайың да,
Шыбық боп бір-біріне иілмесе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу