Өлеңдер ✍️

  05.03.2022
  123


Автор: Абдрахман Асылбек

Тыншымады көңілім

Көк жүзінде жымыңдап түн шырағы,
Шарбы бұлтқа бір сүңгіп, бір шығады.
Тұрған орным қақпа алды, тас қараңғы,
Тыншымады көңілім, тыншымады.
Бірде жүрек суынып, тұншығады,
Бірде тулап қайтадан құлшынады.
Болса-дағы бір жым-жырт меңіреу түн,
Тыншымады көңілім, тыншымады.
Мазаланбас мендей боп тыңшы-дағы,
Кім шығады қақпадан, кім шығады?
Сәулешімнің дидары жарқ еткенше,
Тыншымады көңілім, тыншымады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу