Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.03.2022
171
Аңсаған асқақ арман, үміт әнім
Аңсаған асқақ арман, үміт әнім,
Мен сені қалай ғана ұмытамын?
Жарқ еткен жалынымен жанарыңның
Жанымды жабырқаңқы жылытамын.
Аңсаған асқақ арман, ақ маңдайлым,
Өзіңнен бақытымды тапқандаймын.
Зәредей қаяу түссе көңіліңе, –
Батады қабырғама батпан қайғың.
Аңсаған асқақ арман, ай қабағым,
Арқан боп қазығыңа байланамын.
Сен жердің дөңгеленген шары болсаң,
Мен соның серігі боп айналамын.
Аңсаған асқақ арман, ақ тамағым,
Алдыңда жыр ағынын ақтарамын.
Өзіңнен бағыт алып, шабыт алып,
Қызықты күндеріме аттанамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter