Өлеңдер ✍️

  05.03.2022
  132


Автор: Абдрахман Асылбек

Отырмын гүлді алаңда

Ысырып бұлтты аулаққа,
Күлімдеп көкте күн тұрды.
Күркіреп өзен тау жақта,
Бау-бақша қайта құлпырды.
Сағына жүріп өмірдің
Күтіп ем жарқын көктемін.
Махаббат-жастық лебінің
Білмей де қаппын өпкенін.
Қарағай, шырша төңірек,
Отырмын гүлді алаңда.
Көңілім шалқып кеңірек,
Қараймын әрбір адамға.
Қолымда күткен жар хаты –
Көкорай көктем басталды.
Құлпыра түсті Алматы,
Аялап тауы асқарлы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу