Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.03.2022
153
Қоздырып қыз-келіншек делебені
Қоздырып қыз-келіншек делебені,
Желігіп жүре берер деме мені.
Бал даурен өте шығар өң мен түстей,
Алдыртып албырттықты денедегі.
Ақ орда алты қанат керегені
Тозбайды деме, ол да көнереді.
Бойдан әл, салтанатты сән кеткенмен,
Барібір сол үй әнге бөленеді.
Қандырып кеуіп қалған кенерені,
Қуана қарттар сүйер немерені.
Осылай болғаннан соң өмір заңы,
Ауысып алма-кезек теңеледі.
Иірім кеулеп ағып кемерені,
Там-тұмдап тарылтады кең өрені.
Қарағай қураса егер қабақтағы,
Түбінен қайта қаулап көгереді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter